masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА КИНОТЕАТР АШЫЛДЫ

13 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА КИНОТЕАТР АШЫЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда қалада заманауи талаптарға сай салынған “Kinoland Saryagash” кинотеатрының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына Арман Абдуллаев қатысып, көпшілікке ақжарма тілегін арнап, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Аудан басшысы жаңа кинотеатрдың ашылуы өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтіп, жобаны жүзеге асырған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Кәсіпкерге алдағы жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, өңірдің мәдени-рухани дамуына үлес қосып отырған азаматтардың еңбегі ерекше екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан тұрғындары енді сапалы кинотуындыларды тамашалау үшін өзге өңірлерге бармай-ақ, туған жерінде заманауи үлгідегі кинотеатр қызметін пайдалана алатыны айтылды.
Жаңа кинотеатр аудан тұрғындарының мәдени демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады. “Kinoland Saryagash” кинотеатрында заманауи талаптарға сай жабдықталған 3 көрермен залы орналасқан. Әрбір зал 110 орынға арналған. Сонымен қатар, кинотеатр бір мезетте 340 адамға дейін қабылдай алады.
Бұл нысан тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, жастардың мәдени талғамын арттыруға және отбасылық демалыс мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кинотеатрда отандық және шетелдік фильмдерді көрсету жоспарланып, репертуар тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Жобаны жүзеге асырған – Altyn Bagym Kinoland ЖШС. Компанияның бастамасымен ашылған бұл нысан өңірдегі жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан мәдени жобалардың бірі болып табылады.
Арман Абдуллаев мұндай әлеуметтік-мәдени нысандардың ашылуы ауданның дамуына оң серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, мәдени инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың өмір сапасын арттырудың маңызды бағыты.
– Бүгінгі ашылып отырған кинотеатр – тұрғындардың мәдени демалысын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба. Мұндай бастамалар ауданымыздың көркеюіне және жастардың мәдени дамуына ықпал етеді, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Жалпы, Сарыағаш ауданында мәдени-демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жаңа кинотеатрдың ашылуы өңірдің мәдени өмірін жандандырып, тұрғындарға заманауи демалыс мүмкіндігін ұсынып отыр.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ЖОНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

САУРАН: АША ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде