masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

13 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында орналасқан орталық стадионға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Аудан басшысы нысанды аралау барысында құрылыс сапасына, мерзімдік жоспардың орындалуына және пайдаланылатын материалдардың сапасына ерекше назар аударды.
Сапар барысында мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар ескертулер айтылып, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалану қажеттігі қатаң түрде ескертілді. Сонымен қатар, жұмыс қарқынын күшейту, техникалық талаптарды сақтау және жобалық-сметалық құжаттамаға толық сәйкестікті қамтамасыз ету міндеттелді.
Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә. Ташпулатов нысандағы жұмыстарға тұрақты бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл бақылау жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуына бағытталған.
Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжат әзірленіп, жауапты мердігер – ВИБО-Строй ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба аясында стадионның материалдық-техникалық базасын жаңарту, көрермендерге қолайлы жағдай жасау және спортшылар үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастыру көзделген.
Қазіргі таңда әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беруге дайындық кезеңі жүргізілуде. Сонымен қатар, көрермендер отыратын аумақтың шатыры жабылып, трибуналар бөлігін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар стадионның жалпы келбетін жаңартып қана қоймай, спорттық іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасайды.
Арман Абдуллаев стадионды жаңарту – жастар спортының дамуына, бұқаралық спортты қолдауға және ауданның спорттық инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
– Спорт нысандарының сапалы болуы – жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға тікелей әсер етеді. Сондықтан құрылыс жұмыстары жоғары сапада және белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Жоба толық аяқталғаннан кейін орталық стадион халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін заманауи спорт кешендерінің біріне айналады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде өңірде бұқаралық спортты дамытуға және жас спортшыларды қолдауға зор ықпал етеді.
Жалпы, Сарыағаш ауданында спорт инфрақұрылымын жаңарту және дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Орталық стадионның күрделі жөндеуден өтуі – ауданның спорт саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Previous Post

САРЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНАҒА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖОНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде