masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

15 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі аумағында табиғи газбен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы нысан басында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына ерекше назар аударып, жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда өңірде елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып саналады. Табиғи газға қосылу арқылы тұрғындар көмір мен отын жағу шығындарын азайтып, экологиялық жағынан таза әрі қауіпсіз энергия көзіне қол жеткізеді.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан әкімі жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, құрылыс қарқынын күшейтуді, сапалы материалдарды пайдалануды және барлық техникалық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, жұмыс барысын күнделікті бақылау, қауіпсіздік шараларын сақтау және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі де айтылды.
Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық, Сарысу және Құрысай елді мекендерінде табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Аталған елді мекендерде негізгі магистральдық құбырлар төселіп, ішкі тарату желілерін жүргізу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 70 пайызы орындалған.
Жоба толық аяқталғаннан кейін аталған үш елді мекендегі жалпы 207 абонент көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындар үшін үлкен әлеуметтік қолдау болып табылады, себебі табиғи газ тұрмыстық жағдайды жеңілдетіп қана қоймай, жылыту жүйелерінің тиімділігін арттырады.
Аталған жобаның мердігер мекемесі – Ынтымақ-ОК ЖШС. Ал тапсырыс беруші – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, 2026 жылдың маусым айында аяқталуы жоспарлануда.
Арман Абдуллаев жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір инфрақұрылымдық жоба тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс.
– Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету – әлеуметтік маңызы зор міндет. Сондықтан құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы қажет. Бұл жоба халықтың тұрмысын жақсартуға тікелей әсер етеді, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Мамандардың айтуынша, газдандыру жобасы толық іске қосылғаннан кейін тұрғындар үшін жылу жүйесін ұстау шығындары азайып, экологиялық ахуал да жақсарады. Сонымен қатар, табиғи газдың қолжетімді болуы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.
Жалпы, Сарыағаш ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл жобалар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

Previous Post

САРЫАҒАШ: АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Next Post

САРЫАҒАШ: ШЕҢГЕЛДІ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНА ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде
imunify-bot-check