masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

18 февраля, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерде болып, Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстарын пысықтады. Кентау-Түркістан бағытындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірде қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтқанда, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылған. Одан өзге, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев Б. Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ» пен «Түркі бағында» болды. Бүгінгі таңда мұнда үшінші кезеңінің жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта субұрқақтарға арналған орындар бойынша құрылысын бастау үшін жерді ретке келтіру жұмыстары жүзеге асуда. Аумағы 15 гектарды құрайтын демалыс орнында 190 жұмысшы мен 80 техника жұмылдырылған. Ал, Түркі бағында Арт — қабырғалар орнатылып, құрғақ субұрқақтар салынады. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындауын ескертіп, тұрғындардың қолайлылығы үшін барлық қажетті жағдайдың жасалуын талап етті.

Одан соң, Түркістан қаласындағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешенін аралап көрді. Бүгінде аумағы жасыл желекті, велосипедпен серуен құрып және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдармен, орындықтар, қоқыс жәшігі, сондай-ақ, көгал, су арнасы, тасжол төселу арқылы жаңарған көшеге айналмақ. Өңір басшысы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Тұңғыш Президент саябағы» демалыс аймағында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Кезек күттірмейтін жұмыстарды мерзімінде тапсыруды жүктеді.

Previous Post

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ АРДАГЕРІНЕН АЙРЫЛДЫ

Next Post

ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде