masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН 4 ЗАУЫТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТӨЛЕБИ: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН 4 ЗАУЫТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республика көлемінде стратегиялық маңызға ие. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 13 пайызы осы өңірге тиесілі. Әсіресе, суармалы егіншіліктің үлесі жоғары – республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі, яғни 554 мың гектардан астамы Түркістан облысында орналасқан. Бұл өңірдің аграрлық әлеуетін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Түркістан облысының табиғи-климаттық ерекшелігі егін шаруашылығын дамытуға қолайлы болғанымен, су ресурстарының шектеулілігі сала алдында үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу – уақыт талабы. Су тапшылығы жағдайында су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ғана егін өнімділігін арттырып, аграрлық сектордың тұрақты дамуына қол жеткізуге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізіп, олардың қолданылу аясын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын. Бұл тапсырма Түркістан облысында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңірде заманауи технологияларды енгізу арқылы су шығынын азайтып, өнім көлемін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған.
Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылған болатын. Бүгінде өңірде жаңа технологияларды шығаратын 4 зауыт жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, BNK GROUP LTD, KAZ KIOTI, ХИНЖИН Ирригейшн және TURAN SU секілді кәсіпорындар су үнемдеу технологияларын өндіру бағытында табысты еңбек етуде.
Облыста су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 114 мың гектарға жетіп, жалпы суармалы жерлердің 20 пайызын қамтып отыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Мамандардың айтуынша, мұндай технологияларды пайдалану суды тиімді жұмсауға ғана емес, топырақ құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Өңірде іске қосылған кәсіпорындардың жалпы инвестициялық құны 25,7 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалардың жылдық өндірістік қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 73 мың гектарға тамшылатып суару, 90 мың гектарға жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге жағдай жасалған. Мұндай өндірістік инфрақұрылым шаруалардың қажетті техника мен құрал-жабдықтарды отандық нарықтан қолжетімді бағада алуына жол ашады.
Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасының дамуына да оң әсерін тигізуде. Жергілікті мамандарды жұмыспен қамту арқылы ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Өндіріс орындары тек облыс аумағын ғана емес, еліміздің басқа өңірлерін де су үнемдеу технологияларымен қамтамасыз етуге әлеуетті.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қосымша құны 6 млрд теңгені құрайтын, 30 мың гектар алқапты қамтитын тағы екі кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Жаңа жобалар іске асқан жағдайда су үнемдеу технологияларын қолдану көлемі одан әрі ұлғайып, шаруалардың заманауи технологияларға қолжетімділігі арта түседі.
Су үнемдеу технологияларының артықшылығы айқын. Атап айтқанда, мұндай жүйелер ағын суды 1,5–2 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 2–3 есеге арттыруға жол ашады. Әсіресе мақта, көкөніс, бақша және жеміс-жидек өнімдерін өсіруде бұл технологиялардың тиімділігі жоғары екені дәлелденген.
Мамандардың пікірінше, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу – климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында аграрлық секторды сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі. Сондықтан Түркістан облысында бұл бағыт аграрлық саясаттың басым бағыты ретінде айқындалып отыр.
Жалпы, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан мұндай ауқымды жобалар ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге, су ресурстарын тиімді пайдалануға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді. Заманауи технологияларды енгізу арқылы өңірдің аграрлық әлеуеті артып, шаруалардың еңбек өнімділігі еселене түспек.

Previous Post

Алгебра сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру – заман талабы

Next Post

САРЫАҒАШ: ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ КҮЗЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде