masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

12 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТӨЛЕБИ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ғалымжан Төлегенов аудан тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдау барысында әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, тұрғындардың өзекті проблемалары жан-жақты талқыланды. Азаматтарды қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесіне жеке назар аударылып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй, жер қатынастары, коммуналдық мәселелер және әлеуметтік ахуалға қатысты сұрақтарын жеткізді. Атап айтқанда, жалғыз баспанасының апатты жағдайда болуына байланысты тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі көтерілді. Өтініш иелері баспаналарының қазіргі жағдайы өмір сүруге қолайсыз екенін айтып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді сұрады. Бұл мәселе бойынша жауапты сала мамандарына қажетті құжаттарды зерделеп, заң талаптарына сәйкес нақты шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы коммуналдық арендалық көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді жалға беру тәртібі жөнінде де сұрақтар қойылды. Тұрғындар жалдамалы пәтерлерге орналасу талаптары, кезекке тұру тәртібі және баспананы алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Қабылдау барысында бұл бағыттағы жұмыстардың ашық әрі заң талаптарына сәйкес жүргізілетіні түсіндірілді.
Аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік ахуал мәселесі де назардан тыс қалмады. Тұрғындар кейбір инфрақұрылым нысандарының жай-күйіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жол, жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін көтерді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары жауапты бөлім басшыларына айтылған ұсыныстарды назарға алып, кезең-кезеңімен шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Қабылдау барысында Ақмешіт демалыс аймағындағы жер мәселесі де талқыланды. Аталған аумақтағы жер телімдеріне қатысты құқықтық мәселелер мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жайылым жер құжаттарын заңдастыру мәселесі бойынша да азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстардың заң аясында жүргізілетіні және әрбір мәселе жеке қаралатыны айтылды.
Ғалымжан Төлегенов қабылдау барысында халықпен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты назарында болады. Әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, мүмкіндігінше оң шешімін табу – мемлекеттік қызметтің негізгі міндеттерінің бірі екені атап өтілді.
– Халықпен тұрақты кері байланыс орнату – маңызды міндеттердің бірі. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайды. Әрбір көтерілген мәселе заң аясында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов.
Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің оң шешімін табуы үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды. Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу мақсатында тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар жүргізілетіні де жеткізілді.
Бүгінде аудан әкімдігі халықпен тығыз байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Азаматтарды жеке қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру арқылы елді мекендердегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, ашық әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, мұндай қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегін ескеруге жол ашады. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді.

Previous Post

Шымкентте «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде