masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

13 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
АУДАН ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Алатау ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, елді мекендердегі инфрақұрылымдық мәселелердің шешілу барысымен және әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Жұмыс барысында аудан басшысы халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударды. Ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік нысандардың сапалы салынуын қамтамасыз ету – аудан басшылығының басты міндеттерінің бірі екені атап өтілді.
Алдымен аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Біркөлік шатқалында нөсер жауын кезінде таудан аққан судың тұрғын үйлер ауласына жайылу мәселесімен танысты. Әсіресе көктем және күз мезгілдерінде жауын-шашын көлемінің артуына байланысты тұрғындар тарапынан бірнеше рет мәселе көтерілген. Осыған орай, үйлер арасына су ағар науаларын орнату мәселесі қарастырылып, олардың нақты орналасу орындары зерделенді. Мамандар су өткізу арналарының тиімді жүйесін жасау бойынша ұсыныстарын айтып, қауіпті аймақтарға қосымша инженерлік қорғаныс шараларын жүргізу қажеттігін жеткізді.
Бұл бастама алдағы уақытта су бұру жүйесін реттеп, тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, табиғи апаттардың зардабын азайту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды. Мұндай инфрақұрылымдық жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елді мекендердің инженерлік жүйесін жақсартуға ықпал етеді.
Іссапар барысында аудан басшысы ауыл ақсақалдары және жергілікті тұрғындармен де кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындар жол сапасы, ауыз су, көше жарығы және әлеуметтік нысандарға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, әрбір ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Шұбарағаш және Қосағаш ауылдарында инвесторлар есебінен салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, нысандардың белгіленген мерзімде аяқталатынын мәлімдеді. Заманауи үлгідегі медициналық нысандарды осы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңа медициналық бекеттер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, сапалы қызмет көрсетуге жол ашады. Аталған нысандар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындарға алғашқы көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу және ана мен бала денсаулығын бақылау қызметтерін ұсынатын болады. Бұл өз кезегінде шалғай ауыл тұрғындарының аудан орталығына сабылмай-ақ, қажетті медициналық қызмет алуына мүмкіндік береді.
Аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекемелерге нысандарды талапқа сай әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, құрылыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, пайдаланылатын материалдардың сапасын бақылау және абаттандыру жұмыстарын қатар жүргізу қажеттігі ескертілді. Әлеуметтік нысандардың сапалы салынуы – халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды факторлардың бірі екені атап өтілді.
Жалпы, Төлеби ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу, ауылдық елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен іске асуда. Халық игілігі жолындағы мұндай жүйелі жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп, өңірдің әлеуетін арттыра түспек.

Previous Post

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА КИНОТЕАТР АШЫЛДЫ

Next Post

«ТӘРТІП – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде