masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тарих қойнауынан сыр шертетін көрме ашылды!

29 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Мәдениет, Қоғам
0
Тарих қойнауынан сыр шертетін көрме ашылды!
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шымкент қаласындағы А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры Амангельдиева Айпар Шажалықызының ұйымдастыруымен ерекше маңызды мәдени шара өтті. «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» атты көрменің салтанатты ашылу рәсіміне М.Әуезов атындағы ОҚЗУ “Тұлға дамыту және ҚХА” орталығының басшысы Жанысбекова Г., Маймакова К. және де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ тарих кафедрасы, т.ғ.к. доцент Карибаев С. 6В02220-Тарих БББ бойыншаТП-23-3тк, ТП-24-5к1,2 топтарының студенттері куә болдық.
Бұл көрменің құндылығы Қазақстан тарихына қатысты Иран архивтерінен табылған көне қолжазбалар мен бұрын-соңды жарияланбаған маңызды құжаттар қойылған. Бұл — төл тарихымыздың беймәлім беттерін түгендеудегі үлкен қадам.
Салтанатты ашылуды Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары сөз сөйлеп көрмені ресми түрде ашты.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві” РММ-нің басшы орынбасары Тұрсынгүл Жағыпарқызы Құсаинова Ираннан әкелінген құжаттардың маңызы туралы терең мағлұмат берді.
Студенттерге арнайы бейнероликтер: «XVIII ғасырдағы Қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректедін Қазакстан Республикасына әкелу жолын бейнелейтін бейнеролик және «Архив 2025: Шетел архивтерінен әкелінген құжаттар әкелу жолы туралы арнайы бейне материалдар көрсетілді.
Шымкент қалалық Иран этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Азиза Гайратовна Яхия-зада «Бұл — тек архив деректері емес, бұл біздің бабаларымыздың ізі мен тарихымыздың алтын көпірі.» деп атап өтіп.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы Гүлнар Жанысбекова бүгінгі көрме – тек архивтік құжаттардың жиынтығы емес, бұл біздің ұлттық тарихымыздың іргетасын бекіте түсетін, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты мен дипломатиялық байланыстарына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін ғылыми белес. Иран архивтерінен табылған деректердің отандық тарихты, соның ішінде саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудегі маңызына тоқталды. Бұл құжаттардың жас ұрпақ пен ғалымдар үшін таптырмас қазына екенін атап өтті.
Сәрсебай Ускенович Карибаев
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих кафедрасы үшін бұл құжаттар – үлкен зерттеу нысаны. Біз студенттеріміз бен жас ғалымдарымызға тарихты тек оқулықпен емес, міне, осындай тікелей архивтік жәдігерлермен, қолжазбалармен оқытуымыз керек. Түпнұсқа дерекпен жұмыс істеген маман ғана тарихтың шынайы бейнесін жасай алады деп атап өтті.
Көрме соңында Ұлттық архивтің өкілі Салтанат Севкраевна Альтаева жиналған қауымға жәдігерлерді таныстырып, экскурсия жүргізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛУДЕ

Next Post

Ата-аналар мен полиция: балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде