masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзге ұлт әскери қызметшілері мемлекеттік тілді ұлықтады

22 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Мәдениет, Қоғам
0
Өзге ұлт әскери қызметшілері мемлекеттік тілді ұлықтады
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде өткен “Мемлекеттік тіл – менің тілім!” атты байқау көпұлтты әскери қызметшілердің бір мақсатқа – қазақ тілін құрметтеп, оны жетік меңгеруге деген ұмтылысын айқын көрсетті. Бұл сайыс тек жарыс емес, жүректерді жақындастырған, тіл арқылы бірлік пен достықты нығайтқан тағылымды шараға айналды.

Байқауда 3 және 4 атқыштар ротасы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының жауынгерлері бақ сынады. Азербайжан, өзбек, ұйғыр ұлттарының өкілдері мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл көрініс – тілдің ұлтқа бөлмейтін, қайта біріктіретін ұлы күш екенін дәлелдеді.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен өздерін қазақ тілінде таныстырып, тапқырлықтары мен тіл байлығын көрсетті. Одан кейін мақал-мәтел айту арқылы халық даналығын жеткізсе, көркем сөз оқу бөлімінде рухани тереңдік пен сезімталдықтарын паш етті. Әрбір қатысушы сахнада өзіне тән ерекшелігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Көркем сөз оқу кезеңі ерекше әсер қалдырды. Ефрейтор Ахметов Шаукат Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” өлеңін тебіреніспен оқып, Отанға деген құрметті жүрекке жеткізе білді. Сержант Абдукахаров Илхомжан Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынова арасындағы поэтикалық диалогты сахналап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ал ефрейтор Дагистанов Тахир Қайрат Рысқұлбеков бейнесін сомдап, батыр рухын сахнада жаңғыртты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Бас жүлдені Дагистанов Тахир иеленсе, екінші орынды Абдукахаров Илхомжан, үшінші орынды ефрейтор Ахметов Шаукат жеңіп алды.

Бұл байқау мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті қызмет етіп, ортақ құндылықтарды бөлісе алатынын көрсетті.

Previous Post

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Next Post

Военнослужащие других национальностей прославили государственыый язык

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде