masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

16 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,  ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өңірлік қолбасшылық қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтің төрағалығымен 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысына арналған жиын өтті.

Іс-шараға өңірлік қолбасшылықтың басшылық құрамы, басқармалар, бөлімдер мен қызметтердің бастықтары қатысты. Ал әскери бөлімдердің қолбасшылығы бейнеконференция байланысы арқылы қосылды.

Жиынды ашқан өңірлік қолбасшылық қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Жиын барысында әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлік деңгейі, өткен кезеңдегі қызметтік-жауынгерлік қызметтің нәтижелері, әскери тәртіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Есепті кезеңде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері барлығы 846 құқық бұзушыны ұстаған. Оның ішінде 27 дерек қылмыс белгілерімен тіркелген. Сонымен қатар, 15 бірлік суық қару тәркіленіп, жалпы салмағы 80 грамды құрайтын есірткі заттарының 7 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, 3 ұрлық фактісі және денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 1 дерегі тіркелді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету барысында сотталғандардың қашуына, қызмет мүддесіне опасыздық жасауға, қылмыстар мен төтенше оқиғаларға, сондай-ақ жауынгерлік қызмет кезінде әскери тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. 2026 жылдың І тоқсанында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізудің 3 дерегі анықталып, құқық бұзушылар ұсталды.

Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, оларды сапалы әрі уақтылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алқалы жиында айтылғандай, әскери тәртіптің тұрақты деңгейде сақталуы –  өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етіп, қызметтік-жауынгерлік міндеттердің тиімді орындалуына негіз болатынын көрсетті.
Жиында қабылданған талаптар өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің қызметін кешенді түрде жетілдіруге бағытталмақ.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Previous Post

«Безопасная дорога»: в Шымкенте проведена разъяснительная работа с подростками

Next Post

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ КВАРТАЛА И УТОЧНЕНЫ ПОСТАВЛЕННЫЕ ЗАДАЧИ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде