masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

13 апреля, 2026
in жастар, Жаңалықтар, Қоғам
0
Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Алматы қаласында Отан қорғаушылар күніне орай «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясында, сонымен қатар тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан ІІМ Ішкі әскерлері (қазіргі Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің ерлігін ұлықтау мақсатында өткізілді.

Жиын аясында ұйымдастырылған әскери-спорттық сайысқа қаланың сегіз ауданынан орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Жалпы саны 15 команда әскери даярлық пен дене шынықтыру деңгейін жан-жақты көрсету мүмкіндігіне ие болды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, шараның ерекше маңызын атап өтті.

— Жастар мен жасөспірімдердің әскери өмірге қызығушылықтарын арттыруда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жиынының маңызы айтарлықтай зор. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, олардың болашақта Отан қорғауға әзірлігін пысықтауда, жалпы, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуде таптырмас құрал, әрі ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Яғни, жас патриоттың бейнесін қалыптастыруда әскери-патриоттық жиынның алатын орны ерекше, — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі.

Сайыс бағдарламасына спорттық және әскери-қолданбалы көпсайыс элементтері енгізілді. Жастар белтемірге тартылу, денені жерден көтеру, газтұмылдырықпен жүгіру, қаруды толық емес бөлшектеу және жинау, оқжатарды жабдықтау және командалық арқан тарту сияқты бірқатар тапсырмаларды орындады.

Командалық есеп нәтижелері барлық кезеңдер бойынша көрсетілген уақыт көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде анықталды. №136 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» командасы жиынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды М.Ломоносов атындағы №38 қазақ-ресей гимназиясының «Қаһарман» командасы, ал үшінші орынды М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің «Жас сарбаз» командасы иеленді.

Жеңімпаздар Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың атынан кубог және дипломдарымен марапатталды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қаласы Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл іс-шара жастардың патриоттық рухын, ерлік қасиеттерін дамытуға және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған болатын.

 

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі

Previous Post

В Алматы прошел военно-патриотический сбор молодежи «Жас бүркіт-2026»

Next Post

Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде