masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

9 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Сауран ауданында «Жібек жолының жауһары» атты аймақтық ақындар айтысы өткізілді. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігі мен «Аманат» партиясының тікелей қолдауымен, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның құрылғанына 5 жыл толуына және оның жетістіктерін, тарихи орындары мен тұлғаларын дәріптеу мақсатында өткізілді.
Айтыстың ашылу салтанатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, айтыстың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, қазақтың айтыс өнерін дамытуда үлкен еңбек сіңірген және ұлттық руханиятты насихаттаушы, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбековтың 50 жас мерейтойына орай құттықтау сөзін айтып, ат мінгізу рәсімін өткізді.
Айтысқа Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан танымал ақындар қатысты. Олардың арасында Жансая Мусина (БКО), Бибігул Тлеуболдинова (Алматы облысы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), Бексултан Орынбасар (Қызылорда облысы), Нұрлыбек Мейірманов (Түркістан облысы), Мейіржан Жақып (Шымкент қаласы), Аян Ниязбек (Түркістан қаласы), Ахметрасул Баянбай (Түркістан қаласы), Исламхан Мұхамедхан (Шымкент қаласы), Еркебұлан Қайназаров (Сауран ауданы), Шахмардан Бекарысұлы (Түркістан қаласы), Нұрдәулет Омірбек (Түркістан қаласы) сияқты ақындар бар. Әрқайсысы өз өнерімен айтыс сахнасында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Айтыстың әділқазылар алқасы да жоғары деңгейде жасақталды. Төраға ретінде Бекмурат Анарбаев – ақын әрі ҚР мәдениет саласының үздігі, «Қазығұрт» жыр жинағының авторы. Сондай-ақ, айтыскер ақын, халықаралық және республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Берібай Оразымбет, ақын әрі ҚР журналистер одағының мүшесі Ләззат Сарыбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаева, ҚР мәдениет саласының үздігі Қарима Орал және айтыстың сарапшысы Мұқағали Кенжетайұлы әділқазылар алқасында болды.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың Бас жүлдесі Аян Ниязбекке бұйырды. І орын жүлдесін Жансая Мусина иеленсе, ІІ орын Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал ІІІ орын жүлдесі Бексұлтан Орынбасар, Ахметрасул Баянбай және Нұрлыбек Мейірмановқа табысталды.
Сонымен қатар байқауда бірқатар арнайы жүлделер де табысталды. «Жарқынбек Наушабеков» атындағы арнайы жүлде Нұрғали Әнапияға, «Таушен Абуова» атындағы арнайы жүлде Исламхан Мұхамедханға, «Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде Бибігүл Тлеуболдиноваға және «Қаныбек Сарыбаев» атындағы арнайы жүлде Мейіржан Жақыпқа берілді. Ал Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне Бекарысұлы Шахмардан лайық деп танылса, Түркістан облысы Мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі Нұрдәулет Өмірбековке табысталды.
Previous Post

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

Next Post

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВНЕДРЯЮТСЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЭФФЕКТИВНЫЕ СПОСОБЫ ОТОПЛЕНИЯ ТЕПЛИЦ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде