masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте ұландықтар Наурызнама онкүндігін тойлауда

17 марта, 2026
in Uncategorized
0
Шымкентте ұландықтар Наурызнама онкүндігін тойлауда
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілер дәстүрімізді ұлықтаған ұлы мейрам әз-Наурыз мерекесін тойлауды бастады. Наурыз мейрамы бүгінде елімізде тек бір күн емес, онкүндік мерекелік кезең ретінде жаңаша тойланып жүр. Бұл дәстүр халқымыздың көне мәдениетіндегі көктемді қарсы алу рәсімдерін насихаттап, салтымызды жаңартуға негізделген.
14 наурыз – Көрісу күні амандық сұрасып, үлкенге құрмет көрсетіп, жүректерді жақындатқан ерекше күн. Осы күні әскери қызметшілер тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза болған жауынгер старшина Қ. Бақбаевтың батыр ұл тәрбиелеген ардақты анасы — Ұрқия апамен көрісіп, сый-құрмет көрсетті.
15 наурыз – Қайырымдылық күні әскери бөлімде «Мейірім жүректен», «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, әскери қызметшілер тарапынан ерекше қолдау тапты. Қанымызда бар қасиет қайырымдылық пен қамқорлық, ізгілік арқылы игі іс жасауға бастама болған акцияда жиналған азық-түлік заттар бірнеше жанның жүрегіне жылу сыйлары хақ.
Жауынгерлеріміз 16 наурыз — Салт-дәстүр күніне орай Шымкент қаласының көрме залында ұйымдастырылған «Жарапазан fest» фестиваліне де барып, ескі дәстүрді жаңғыртқан жаңаша іс-шараның көрермені болды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, әке-шеше, ата-әжені құрметтеуге бағытталған Шаңырақ күні — әскери қызметшілер үлгілі әскери қызметшілердің ата-анасы мен көненің көзі, қазыналы қарты бар жанұяларды мерекемен құттықтап қуантты.
Ұлттық киім күніне арналған басты шара ретінде әскери қызметшілердің отбасы арасында әскери бөлімнің әлеуметтік парақшасында «Үздік ұлттық киім» онлайн-сайысы жарияланды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпазды бөлім командирі 19 наурызда әскери бөлімде құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстайтын болады.
Наурызнама онкүндігі бұнымен аяқталмақ емес, ұлттық мейрамымыз алдағы күндері жауынгерлеріміз арасында өтетін Ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын сайыспен және «Қош келдің әз-Наурыз!» атты мерекелік концертпен жалғасын таппақ.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Next Post

В Шымкенте гвардейцы отмечают декаду Наурызнама

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде