masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды

13 февраля, 2026
in Cаясат, Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласындағы «Айна» базары аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған арнайы кездесу өтті.
Жиын барысында Қазақстанның «Ауыл» партиясы атынан Шымкент қаласы бойынша өкіл Әлфараби Мыңбай сөз сөйлеп, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұнына жан-жақты тоқталды. Ол жаңа редакцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, спикер кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық нормалардың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру – бизнестің тұрақты дамуының негізгі кепілі. Ұсынылып отырған өзгерістер кәсіпкерлер үшін сенімді әрі болжамды құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған.
Кездесуге базар саудагерлері мен кәсіп иелері белсенді қатысып, Конституция жобасына қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, жер қатынастары, салық салу тәртібі және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру және реформаның мәнін көпшілікке жеткізу. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар еліміздің жаңа Ата Заңына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Previous Post

Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы

Next Post

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘНІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде