masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА 65 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

10 февраля, 2026
in Uncategorized
0
АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА 65 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығына қарасты Әл-Фараби ауданы мансап орталығы аудандық прокуратурамен бірлесіп, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге индустриялық аймақтарда орналасқан бірқатар өндіріс орындары қатысып, жұмыс іздеушілерге өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Атап айтқанда, «Arnatex», «Назар Текстиль», «Бал Текстиль», «Балаби Текстиль», «MARVIK PARTNERS» және Шымкент химия компаниялары 65 бос жұмыс орындарын таныстырды.

Әрбір кәсіпорын өкілдері қажетті мамандықтар, еңбекақы мөлшері, қызметкерлерді тасымалдау, әлеуметтік пакет және жұмыс кестесі туралы толық ақпарат берді.

Әл-Фараби ауданы мансап орталығының басшысы Нұрбол Шымкентбаев жұмыс іздеушілерге жұмыспен қамту шараларына қатысу тетіктері мен Enbek.kz электронды порталының мүмкіндіктерін түсіндірді.

Іс-шара аясында қатысушылар «Назар Текстиль» кілем фабрикасына барып, өндіріс орнындағы жұмыс жағдайымен және бос орындармен танысты.

– Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында алимент бойынша берешегі бар 450 борышкер тіркелген. Олардың жалпы қарызы 9 миллион теңгеден асады. Соның ішінде 270 азамат жұмыссыз. Бүгінгі жәрмеңкеге борышкерлердің шамамен 30 пайызы қатысты. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл жәрмеңкенің ерекшелігі – қатысушылар жұмыс орындарымен танысып қана қоймай, өндіріс орындарын аралап, қызметкерлерге жасалған жағдайды өз көздерімен көрді, – деді Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Сабит Төлепбергенұлы.

Previous Post

UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды

Next Post

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да құндылықтарды ұлықтаған «QURMET» іс-шарасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде