masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖҮЙЕЛІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

9 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖҮЙЕЛІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының тұрақты дамуы тұрғын үймен қатар әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы қамтамасыз етілуде. Өткен жылы қалада 52 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 33-і ел игілігіне берілді. Қалған 19 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес жалғасуда.

Білім беру саласында 11 жаңа нысанның құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 11 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл қаладағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Қаланың спорт және мәдени әлеуетін күшейту мақсатында №15 спорт мектебі пайдалануға беріліп, мәдениет саласында бірқатар ғимараттар қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, тұрғындардың демалысын ұйымдастыру үшін Шымсити шағынауданында ірі саябақтар салу жобалары іске асырылуда.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында 11 нысанның құрылысы жоспарланып, оның 8-і толық аяқталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайларға арналған жедел қызмет көрсету орталықтары пайдалануға беріліп, бірқатар нысандар 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жүзеге асуда.

Қорытындылай келе, Шымкент қаласында әлеуметтік, инженерлік және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Бұл – бүгінгі қажеттілік пен ертеңгі дамуға негізделген жүйелі саясаттың нақты көрінісі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

Next Post

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде