Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбектің өкімімен “Еңбекші” Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа басшысы болып Н. Төлебеков тағайындалды. Тағайындау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары А. Парманов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы қызметінде сәттілік тіледі. Ұжым мүшелері өз кезегінде жаңа басшыға жылы лебіздерін білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижелі болатынына сенім білдірді.
Н. Төлебеков бұған дейін 2024 жылдан бері аталмыш мекемеде орынбасар ретінде қызмет атқарып келген. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі, сондай-ақ мекеменің ішкі құрылымын жақсы білетіні жаңа лауазымдағы жұмыстың тиімді жүргізілуіне негіз болады деп атап өтілді. Ол жаңа қызметінде тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруге, абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге бағытталған міндеттерді жүзеге асырады.
Тағайындау рәсімі барысында аудан әкімінің орынбасары А. Парманов мекеменің техникалық базасымен танысып, арнайы техникалар мен инертті материалдардың жеткіліктігін тексерді. Сондай-ақ қысқы маусымға дайындық жұмыстары пысықталды. Барлық коммуналдық техника мен құрал-жабдықтар толық жұмысқа дайын екені, қажет болған жағдайда қосымша ресурстар мен қорлардың жеткілікті екені қаралды.
Мекеме басшысының негізгі міндеттері қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, абаттандыру және көріктендіру, инженерлік инфрақұрылымды уақытылы жөндеу, сондай-ақ тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды үйлестіру бар. Жаңа басшы осы жұмыстарды жүйелі және сапалы жүргізу арқылы аудан аумағын таза, көрікті және жайлы қалпында ұстауды басты мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар, қысқы кезеңге дайындық маңызды бағыт болып табылады. Мекеме жолдарды, аулаларды, қоғамдық орындарды уақытылы тазалау, абаттандыру, жарықтандыру және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіріп, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге көңіл бөледі.
Аудан әкімдігі жаңа басшының тағайындалуы тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді арттыруға, инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға және коммуналдық қызмет сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Мұндай жүйелі жұмыстар ауданның көркі мен тұрғындардың жайлылығының артуына ықпал етеді және “Еңбекші” КММ-нің алдағы қызметін тиімді және үйлесімді жүргізуге негіз қалайды.



