Кез келген ірі қаланың дамуында жол инфрақұрылымының орны бөлек. Осы бағытта Шымкент қаласында жоспарлы жұмыс жүргізіліп, көлік қозғалысын оңтайландыратын шаралар қабылдануда.
Соның бірі – Қазиев және Шұбаркөл көшелерінің жалғасы. Жол-көлік инфрақұрылымын нығайтып, қала ішіндегі кептелісті азайтуға бағытталған жоба бойынша екі көшенің қиылысында айналма жол салынып жатыр. Бұл Төлеметов, Бәйдібек би, Өтегенов және Арғынбеков көшелеріндегі көлік нөпірін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мұнда төрт жолақты қозғалыс бөлігі салынады, жол жиегіне прегациялық суағар жүйе жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынады. Сонымен қатар, жолдың екі жағы көгалдандырлып, құрылыс белдеуіне түсетін инженерлік желі толықтай қайта жүргізіледі.



