masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

8 ноября, 2025
in Uncategorized
0
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Clearbrook Energy Solutions (CES) компаниясы және қазақстандық AG-Tech Қазақстанда энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтон қаласында өткен C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Жоба Қазақстанның энергетикалық ауысу стратегиясындағы маңызды қадам болмақ. Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 350 миллион АҚШ долларын құрайды. Clearbrook компаниясы виртуалды электр станциялары мен энергия сақтауға арналған технологияларды ұсынса, AG-Tech — елдің энергетикалық инфрақұрылымына цифрлық шешімдерді бейімдеу мен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
«Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Ол цифрлық инфрақұрылым мен ұлттық технологиялық жобаларды жүзеге асыруда маңызды болып саналатын тұрақты әрі сенімді энергия жүйесін құруға мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
«Қазақстан энергетикалық тәуелсіздігі мен цифрлық инфрақұрылымын нығайту бағытында батыл қадамдар жасап жатыр. Clearbrook Energy Solutions компаниясы Қазақстан Үкіметі және AG-Tech компаниясымен серіктестік орнатуға мүмкіндік туғанына қуанышты. Бұл серіктестік Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту мен таза энергияға көшуінің негізі болатын заманауи энергия сақтау технологияларын жергіліктендіруге бағытталған», – деді Clearbrook компаниясының Орталық Азиядағы төрайымы Марсия-Элизабета Кристиан Фавале.

Previous Post

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Next Post

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде