masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЛА БАСШЫСЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

6 ноября, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЛА БАСШЫСЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Әзімбек Пазылбекұлы қаланың инфрақұрылымдық дамуы мен абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар нысандарды аралады.

Аралау барысында қала басшысы алдымен Арнайы экономикалық аймақ аумағында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 306 жарық бағанасы, 230 автотұраққа арналған жарық шамы және 191 жол белгісі орнатылуда. Сонымен қатар жол инфрақұрылымын толық қамтамасыз ету бағытында инженерлік жүйелерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қала басшысы мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапасын қатаң бақылауға алуды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Әзімбек Пазылбекұлы Бекзат шағын ауданында орналасқан өндірістік парк аумағындағы құрылыс нысанында болды. 20 гектар аумақта жүзеге асырылып жатқан бұл жоба бойынша «Aspan Energy KZ» және «Түркістан жарық тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында келісімшарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда аймақта 5 өндірістік парк нысанының құрылысы жүріп жатыр, инженерлік желілер тартылып, ғимараттардың іргетасы қаланған. Жоба Түркістан қаласының индустриялық-инвестициялық әлеуетін арттыруға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталып, кәсіпорындарды іске қосу көзделіп отыр.

Қала әкімі сондай-ақ 11 көше бойында орналасқан Сот ғимаратының маңындағы бос жер учаскесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар енгізіп, бұл аумақта заманауи аллея салу жоспарын құруды тапсырды.

Бұдан бөлек, Әзімбек Пазылбекұлы Шымкент тас жолы, 32 көше және Қожабаев айналма жолдары бойындағы көгалдандыру жұмыстарының барысын тексерді. Бұл бағыттарда «Өнім» мердігер мекемесі тарапынан тал егу және жасыл аймақ қалыптастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қала әкімі егілген ағаштар мен гүлдердің күтімін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылайтынын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан барлық нысандардың уақтылы әрі сапалы аяқталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Previous Post

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Next Post

Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде