masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10 октября, 2025
in Жаңалықтар, Мәдениет, Қоғам
0
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуде мәдени мұраның алар орны ерекше екенін атап өтті.

Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық өкілдігінің мүшелерімен өткен кездесуде шымкенттік «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі жайлы айтқан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев еліміздегі үшінші мегаполис жастарының белсенділігін тілге тиек етті. Тамызда Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» ұйымының «Біз біргеміз» лагерін лайықты өткізгенін хабарлап, Достық үйі базасында ашылған комьюнити орталық қалалық өкілдіктің жұмысын жақсартып, жаңа деңгейге көтеретіні туралы атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары белсенді жастармен өткен жүздесуде қазақстандық патриотизмді дамыту, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы жас буынмен еркін форматта пікір алмасты.

Жаңа есімдерді қоғамға таныстыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау қағидаларын насихаттау мақсатында әзірленген «Жаңа толқын» жобасы мен «Таза Қазақстан» акциясына «Ассамблея жастары» ұйымының тұрақты асалысуын үйлестіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар мен қолға алған жобаларды нәтижелі іске асыру жайына айрықша тоқталды.

– «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс. Ассамблея ел жастарын қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды жалғастырады. Біз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу жолында жастармен бірлесе жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беруге әрдайым дайынбыз, – деді Марат Алмасұлы.

Кездесуді қорытындылаған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алда бірлесе атқарар жұмыс жайын пысықтап, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділері Нұрболат Мейірбеков, Муроджан Ирисметов, Шахнозабону Жаналиева, Асия Манапова, Ибрахим Висханов сынды белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде ұйым мүшесі Акрам Ирисметов домбыраман ән салып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

#ҚХА30жыл #АНК30лет #Шымкент #Shymkent

Previous Post

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: КӨЛІК-ЛОГИСТИКА – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде