masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

7 октября, 2025
in Uncategorized
0
«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті.

Іс-шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастардың құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының басты кепілі екенін атап өтті.

Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.

Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастармен еркін форматта пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Имам Нұрлан Асанов жастарға рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сақтаудың мәнін түсіндірсе, психолог Салтанат Сайлауқызы тұлғалық даму мен өзін-өзі тану, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің адам мінез-құлқындағы рөлі жөнінде ой қозғады. Ал IT маманы Ғасыр Қаралбайұлы ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениет тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану бойынша кеңес берді.

Форум қорытындысында жастарға құқықтық және рухани мәдениетті дамыту, ақпараттық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздікті сақтау бағытында нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің өзектілігі жан-жақты талқыланды.

#turkistan #түркістан #туркестан

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

Next Post

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде