masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбекші ауданында санитарлық тазалықты сақтау бойынша жиын өткізілді

24 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
Еңбекші ауданында санитарлық тазалықты сақтау бойынша жиын өткізілді
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс кеңесі өткізілді. Жиынға аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізетін жауапты мекемелер – ЖК «Вейсалидзе», «ЭкоКомТазалық» ЖШС, «Clean Village» ЖШС, сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіруші «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Группа Интеко» ЖШС өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағындағы санитарлық жағдайды жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, ирригациялық жүйелерді (арық-атыздарды) тазарту жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ алдағы күзгі-қысқы кезеңдерге дайындық жұмыстарын пысықтау болды.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/10/AQP7oUfSlL5MZzcKK819pcd4zieYM8gvYYzRIgO0nYiNy9h0QFRVcuaWO2wfVZ4cGdVEKfsI_s8fNDorjiBaKoi7-1.mp4

Жиын барысында тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығаруда орын алып отырған мәселелер кеңінен талқыланып, қала мен аудан тұрғындары тарапынан жиі түсетін шағымдар негізінде бірқатар проблемалық нүктелер айқындалды. Атап айтқанда, кейбір көшелер мен тұрғын алаптарда қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі, қоқыстың белгіленбеген орындарға тасталуы, қалдықтардың уақтылы шығарылмауы секілді мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысушыларға санитарлық талаптар мен заңнамалық нормаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында барлық тараптар өз жауапкершілігін нақты сезінуі қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы маусымдық кезеңдерде, әсіресе жауын-шашын көп болатын күз мезгілінде және қарлы қыста санитарлық жағдайдың күрт нашарлап кетуінің алдын алу үшін, ирригациялық жүйелердің өткізу қабілетін арттыру қажеттілігі айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушы мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, атқарылатын жұмыстардың мерзімі мен жауапты тұлғалары белгіленді. Тұрмыстық қалдықтарды шығару кестесін нақтылау, тазалық жұмыстарының сапасын арттыру, тұрғындардан түскен шағымдарға жедел әрекет ету және алдын алу шараларын жүйелі жүргізу – басты міндет ретінде айқындалды.
Сонымен қатар, жиын барысында аудан аумағындағы тазалық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға ғана тастау қажеттігі, экологиялық тәртіпті сақтау – баршаның ортақ міндеті екені ескертілді. Бұл ретте әкімдік пен жауапты мекемелер тарапынан тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізіліп, қажет жағдайда айыппұл салу секілді әкімшілік шаралар қолданылатыны да айтылды.
Еңбекші ауданы әкімдігі мұндай жұмыс жиындарын тұрақты түрде өткізіп, аудан аумағындағы тазалық пен тәртіпті жақсарту бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізуді жалғастыра беретін болады. Тұрғындармен және қызмет көрсетуші ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл – санитарлық қауіпсіздіктің негізгі кепілі.

Previous Post

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Next Post

Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде