masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза табиғат – таза болашақ!

20 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
Таза табиғат – таза болашақ!
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елімізде экологияны жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының Бадам-2 тұрғын алабында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, қалалық мәслихат депутаты Бекайдар Әшірбаев, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Группа Интеко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары, сондай-ақ аудан тұрғындары белсене қатысты. Бұл игі бастамаға жергілікті қоғамдастық өкілдері де үн қосып, туған өлкеміздің тазалығы үшін бірлесе еңбек етті.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/10/AQP7oUfSlL5MZzcKK819pcd4zieYM8gvYYzRIgO0nYiNy9h0QFRVcuaWO2wfVZ4cGdVEKfsI_s8fNDorjiBaKoi7.mp4

Сенбілік аясында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, аулалар мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Арам шөптер орып тасталып, ағаштардың түбі әктеліп, балалар ойын алаңшалары мен ашық спорт алаңдары тазаланды. Сонымен қатар, бюджеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілері де өз аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке өз үлестерін қосты.
Мұндай ауқымды шаралар қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге де зор ықпал етеді. Әсіресе жас ұрпақ үшін табиғатқа жанашырлықпен қарау, өз ауласын таза ұстау, табиғи ресурстарды үнемдеу секілді ұстанымдардың маңызы зор.
Бүгінгі сенбілік – жай ғана тазалық шарасы емес, бұл – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің, жауапкершіліктің және азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі. Бұл — «таза қала – таза сана» қағидасының нақты іске асуы. Бірігіп атқарған жұмыс нәтижесінде Бадам-2 тұрғын алабы бұрынғыдан да таза, жайлы және көрікті бола түсті.
Құрметті тұрғындар!
Таза әрі жайлы аудан – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Туған өлкеміздің ажарын арттыру, оны болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Әр тұрғын өз ауласын, көшесін таза ұстауға атсалысса, қаламыздың көркі арта түсетіні сөзсіз.
Сондықтан аудан әкімдігі баршаңызды сенбілік жұмыстарына белсенді түрде қатысып, өз үлестеріңізді қосуға шақырады. Қоршаған ортаның тазалығы – тек әкімдік немесе коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір тұрғынның жанашырлығынан туындайтын ортақ іс. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, бірге әрекет етіп, туған қаламызды таза да жарық, көрікті де жайлы мекенге айналдырайық!

Previous Post

КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ АПК – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА

Next Post

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде