masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Еңбекші ауданында жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары назарда

4 сентября, 2025
in Uncategorized
0
Еңбекші ауданында жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары назарда
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек Қарабастау тұрғын алабындағы “Aq qaiyn” питомнигінің жұмысымен танысты. Бұл нысанның жұмысы ауданның көгалдандыру бағытындағы басты тіректерінің бірі саналады.

Аталған питомник 2013 жылы құрылған. Жалпы аумағы 12 гектарды құрайды. Мұнда 1000-ға жуық түрлі ағаштар мен бұталар, сәндік өсімдіктер өсіріледі. Көшеттерді өсіру барысында жаңа әдістер қолданылып, заманауи агротехникалық тәсілдер пайдаланылады. Өсірілген жасыл желек қаладағы саябақтарға, скверлерге, көше бойларына, тұрғын үй аулаларына және басқа да қоғамдық аумақтарға отырғызылып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Питомниктің негізгі міндеті – өңір аумағын көгалдандыру, табиғи ландшафтты қалпына келтіру, жасыл аймақтарды кеңейту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау. Бұл жұмыстар тек қала келбетінің жақсаруына емес, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына бағытталған. Жасыл желек ауа тазалығын сақтап, ыстық күндері көлеңке сыйлайды, ал қыс мезгілінде қардың бетін ұстауға көмектеседі.

Аудан әкімі Д. Есілбек питомниктің жұмысымен танысу барысында көшеттерді күтіп-баптау, отырғызу, суғару және көгалдандыруға дайындау үдерістерін бақылады. Сондай-ақ жауапты мамандарға жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жандандыруды тапсырды. Әсіресе, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін аулаларды көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында мектептер мен балабақшалар аумағына ағаш отырғызу, әлеуметтік нысандарды көгалдандыру, жол жиегіне сәндік ағаштар орналастыру мәселелері талқыланды. Әкім питомниктің әлеуетін барынша пайдалану қажет екенін, осы арқылы қаладағы жасыл белдеуді ұлғайтуға мүмкіндік барын атап өтті.

Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне де тоқталды. Жасыл желек отырғызу тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, жалпы қоғамның ортақ міндеті екені айтылды. Осы орайда тұрғындарды, жастар ұйымдарын және еріктілерді көгалдандыру акцияларына белсене қатысуға шақырды.

Еңбекші ауданында соңғы жылдары көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында жаңа гүлзарлар, саябақтар ашылып, көшелерге мыңдаған ағаштар отырғызылды. “Aq qaiyn” питомнигінің өсімдіктері бұл істе негізгі рөл атқаруда.

Алдағы уақытта да Еңбекші ауданы әкімдігі аталған питомникпен тығыз байланыста жұмыс істеп, аудан аумағын көгалдандыруды жүйелі түрде жалғастырмақ. Бұл бастама қала экологиясын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға зор үлес қосады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 59 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНДІРІЛДІ

Next Post

Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде