masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗАҚСТАН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЦИФРЛЫҚ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

8 сентября, 2025
in Cаясат, Жаңалықтар, Технология, Қоғам
0
ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗАҚСТАН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЦИФРЛЫҚ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ ТИІС
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің дамуына және цифрлық трансформация мәселелеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналуы қажет.
– Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қоғамға, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен өмір салтына тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті.
Президент ең алдымен Цифрлық кодексті қабылдау қажеттігін айтты. Аталған құжатта цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану және өзге де маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы ұсынысын білдірді. Бұл министрлікті Премьер-Министрдің орынбасары деңгейіндегі білікті маман басқаруы тиіс екені айтылды.
Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҮЙЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Next Post

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІН ҚҰРУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде