masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза қала – жарқын болашақ

23 августа, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
Таза қала – жарқын болашақ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Еңбекші ауданында санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға орай аудан әкімі Досбол Есілбек сенбілік жұмыстары атқарылып жатқан бірқатар аумақтарды аралап, тазалық барысымен танысты. Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз және эстетикалық орта қалыптастыру, сондай-ақ қала мәдениетін арттыру.
Аудан басшысы аралау барысында жол жиектері мен аулалардың қоқыстан тазарту жұмыстарын көзбен көріп, жауапты мамандардан есеп алды. Ағаштар мен жасыл желектердің жағдайы тексеріліп, көгалдандыру жұмыстарының сапасына баса назар аударылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен саябақтарда жүргізілген санитарлық тазалық шаралары пысықталды.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/09/AQOEAP6HMHDkD3ydtiijgWZWSYNEpD8E3F2snpJMANUYMN5uJie-Ojr7pzyaB4edENtE6UeVyDIdq81y7USpTJOJ.mp4

Әкім тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлерге алғысын білдіріп, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыру – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, сенбілік жұмыстарының маусымдық емес, жүйелі әрі тұрақты түрде ұйымдастырылуы қажет екенін ескертіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Сенбілікке аудан әкімдігі қызметкерлерімен қатар, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысты. Әрбір мекеме өз аумағындағы тазалықты сақтауға жауапкершілікпен қарап, сенбілікке өз үлестерін қосты.
Бұдан бөлек, сенбілік жұмыстарына Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма, Құрылыс басқармасы, сондай-ақ “Shymkent” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері де белсенді атсалысты. Олар аудан бойынша өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, қаланың көркіне көрік қосты.
Жалпы сенбілік барысында:
— Көшелер мен тротуарлар қоқыстан тазартылды;
— Жасыл аймақтар ретке келтірілді;
— Ағаштар әктеліп, бұтақтары қырқылды;
— Қоқыс алаңдары мен контейнерлердің айналасы дезинфекцияланды;
— Арықтар мен суағарлар тазаланып, су өткізу мүмкіндігі жақсартылды.
Аудан әкімі тұрғындарға экологиялық жауапкершілік пен ортақ мүдде үшін бірігудің маңыздылығын жеткізе отырып, тазалық пен тәртіп тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екенін еске салды.
Құрметті тұрғындар!
Таза әрі жайлы аудан – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Әрбіріміз өз ауламызды, көшемізді, жұмыс орнымыз бен айналамызды таза ұстауға үлес қосуымыз қажет. Бұл — тек қоршаған ортаның сапасын арттыру ғана емес, болашақ ұрпаққа қалдырар мәдени мұрамыздың бір бөлігі.
Сіздерді жалпы қалалық сенбілік шараларына белсене қатысуға шақырамыз!
Бірге атқарған іс – берекелі нәтиже береді!

Previous Post

Проведён общегородской субботник

Next Post

Чистый город — светлое будущее

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде