masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аудан аумағы бақылауда

16 августа, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
Аудан аумағы бақылауда
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін аудан әкімі Д. Есілбек кезекті жұмыс сапары аясында аудан аумағын аралап, көшелердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының жүргізілу барысын көзбен көріп, бақылау жүргізді. Бұл шара аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бірнеше көшелер мен аулаларды аралап, санитарлық жағдайға ерекше назар аударды. Аумақтарды аралау барысында әкім тазалық жұмыстарының сапасына, жасыл желектердің күтіміне, жол жиектеріндегі шөптердің шабылуына, ағаштардың санитарлық қырқылуына, арық-атыздардың тазалануына қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтардың уақытылы шығарылуын қадағалау, контейнер алаңшаларын тәртіпке келтіру бойынша да бірқатар мекемелерге міндеттер жүктелді.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/09/AQPK9CqTlJo2oi8i1YVOziTyEQ7fWUC_1RGvWEVNJp6HSu1uy25X4XYnRBbWxsdo3eFHRgQ6NaT1J3EXRK1bJ3DD.mp4

Көгалдандыру жұмыстары аясында отырғызылған ағаштар мен гүлзарлардың күтімі де әкім назарынан тыс қалмады. Көшелердегі жасыл аймақтарды көркейту, көпжылдық өсімдіктерді дұрыс күтіп-баптау, маусымдық гүлдерді отырғызу жұмыстарының сапасы бағаланды. Аудан басшысы табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында тұрғындармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, аудан әкімі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысымен де танысты. Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан ішкі жолдар, жарықтандыру жүйелері, су құбырлары мен кәріз желілерінің жағдайы, жаяу жүргінші жолақтары мен аялдама орындарының абаттандырылуы — бәрі де әкім назарында болды. Мұндай жүйелі бақылау – жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Д. Есілбек жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен де тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Халықтың тұрмысына тікелей әсер ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығын атап өтті. Тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, жарықтандыру, көше жөндеу және аула абаттандыруына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды, олардың әрқайсысы жеке бақылауға алынды.
Осындай іс-шаралар аудан басшылығының халықпен тығыз жұмыс істеуге, елді мекеннің келбетін жақсартуға, тұрғындарға қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Күнделікті тіршілікке қажетті жағдайлардың сапалы атқарылуы – тұрғындардың көңіл күйіне, өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Аудан әкімінің бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Өйткені мақсат – тек қана бақылау емес, тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ қала мен ауыл келбетін жаңғырту, дамыған және таза орта қалыптастыру.

Previous Post

В районе продолжается субботник

Next Post

Территория района под контролем

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде