masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экология

Аудан аумағында сенбілік жалғасуда

16 августа, 2025
in Экология, Қоғам
0
Аудан аумағында сенбілік жалғасуда
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары жалғасуда. Бұл игі шара аясында аудан көлемінде кешенді түрде абаттандыру мен тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен қарқынды түрде жүзеге асуда. Аталған сенбілік – тек маусымдық емес, бүкіл жыл бойы санитарлық тәртіп пен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/09/AQODymR0_pn-GyvJCCSx2tjjnfnHN2vbDdHoXyoQRM-aUmdUzGjc8aKBTWUyzoXeCrSteQ0DQNLXLzewbyH2XdQh.mp4

Сенбілік барысында көшелер мен аулалар жуылып, жол жиектеріндегі қоқыстар жиналды, көптен бері жиналмай жатқан тұрмыстық қалдықтар мен өздігінен өскен шөптер орылып, қураған ағаш бұталары қырқылып, каналдар мен арық-атыздар тазарды. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Бұдан бөлек, гүлзарлар мен саябақ аумақтары көркейтіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Мұндай шаралар – тек тазалыққа ғана емес, экологиялық қауіпсіздікке де оң әсерін тигізеді.
Ортақ іске Аудан әкімінің аппараты, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Группа Интеко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ аудан тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Қызметкерлер мен еріктілер бірігіп, сенбілікке жұмыла кірісіп, әр мекеме өз аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосты. Бұл ретте тұрғындардың өз еркімен, ынтамен атсалысуы — қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын білдіреді.
Жалпы алғанда, мұндай сенбілік іс-шаралары ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың бірлік пен ұйымшылдық танытуына, өз ортасына деген сүйіспеншілігін арттыруға да септігін тигізеді. Ауыл мен қала келбеті тек мемлекеттік мекемелердің емес, барша азаматтардың ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн.
Қадірлі тұрғындар! Таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Ауламызды, көшемізді, ауданымызды таза ұстау – өзімізге де, келешек ұрпаққа да үлкен пайда әкеледі. Сондықтан барлығымыз бірлесе отырып, туған өлкеміздің тазалығын сақтау ісіне үлес қосайық. Жыл он екі ай бойы тазалықты ұстанып, өз ортамызға жанашырлықпен қарайық!

Previous Post

ЫНТЫМАҚ – ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ

Next Post

В районе продолжается субботник

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде