masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТТЕ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ АШЫЛДЫ

3 сентября, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери колледждің жаңа оқу корпусы салтанатты түрде ашылды. Аталған маңызды іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қарулы Күштердің ардагерлері, колледждің жеке құрамы, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Салтанатты шара Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл — жас ұрпақтың тарихты құрметтеуге, елін қорғаған батырлардың ерлігіне тағзым етуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор сәт болды.

Қорғаныс министрі мен қала әкімі қатысушыларды жаңа оқу ғимаратының ашылуымен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Өз сөзінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әскери колледждің білім беру үдерісіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, педагогикалық құрамның кәсібилігінің арқасында жасөспірімдер Отан алдындағы борыш, ар-намыс және патриотизм секілді маңызды құндылықтарды бойына сіңіріп жатқанын айтты. Ол болашақ офицерлердің егемен еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында даңқты әскери дәстүрлерді лайықты жалғастыратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қала басшылығына әскери бөлімдер мен нысандарды абаттандыру, гарнизон қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытында көрсеткен тұрақты көмегі мен тығыз ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді. Құрмет белгісі ретінде министр қала әкіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық медалін табыстады.

Іс-шара барысында үздік әскери қызметшілер марапатталып, колледждің жеке құрамы салтанатты маршпен сап түзеп өтті. Сонымен қатар, қонақтар назарына қоян-қолтық ұрыстың элементтері мен әскери техника үлгілері ұсынылды. Шара соңында делегация жаңа оқу ғимаратын, заманауи жабдықталған кітапхана мен мұражайды, әскери асхананы және спорт залын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Жаңа оқу корпусы әскери білім беру сапасын арттыруға, болашақ офицерлердің кәсіби және физикалық даярлығын жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Бұл бастама ел қорғанысын нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде