masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бірлік пен достық – елдің еңсесін көтерер құндылық

29 августа, 2025
in Қоғам
0
Бірлік пен достық – елдің еңсесін көтерер құндылық
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Тарих беттерін ақтарсақ, кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі халық арасындағы татулыққа тікелей байланысты болғанын көреміз. Себебі береке-бірліксіз, өзара түсіністіксіз ешбір жетістік баянды болмайды. Ел ішіндегі тұрақтылық – экономикалық қуаттың да, әлеуметтік дамудың да, халықаралық беделдің де басты тірегі.

Өкінішке қарай, әлемде ішкі алауыздық пен қақтығыстың салдарынан тұралап қалған мемлекеттер аз емес. Бір жерде этносаралық жанжал өршіп жатса, енді бірінде діни қайшылық елді тығырыққа тіреп отыр. Осындай жағдайда Қазақстанның достық пен бірлікті мемлекеттік саясаттың негізіне айналдыруы – халқымыздың тарихи тәжірибесінен бастау алған кемеңгер қадам.

Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі, өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету дәстүрі – бүгінгі қоғамдық келісімнің іргетасы. XX ғасырдағы депортация жылдарында тағдыр тәлкегіне түскен мыңдаған халық қазақ жерінен пана тауып, жаңа өмір бастады. Бұл – татулықтың қадірін терең ұқтырған тарихи сабақ.

Достық – адамдарды ортақ мұрат жолында біріктіретін, ынтымақ пен сенімді нығайтатын асыл қасиет. Әсіресе көпэтносты қоғам үшін оның мәні ерекше. Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ел дамуына өз үлесін қосуда. Бұл – достықтың қоғамды ұйыстыратын, әртүрлі мәдениетті тоғыстырып, елді рухани тұрғыдан байытатын айқын дәлелі.

Тәуелсіз Қазақстанның табыстары – жаңа астананың бой көтеруі, халықаралық беделдің артуы, экономикадағы жетістіктер – бәрі де ел бірлігінің арқасында жүзеге асты. Себебі алауыздық болған жерде халықтың күш-қуаты қақтығысқа жұмсалса, бірлік орнаған ортада әр азаматтың энергиясы елдің өркендеуіне бағытталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – осы татулық пен келісімді сақтаудың бірегей институты. Ол этнос өкілдерінің мәдениетін қолдап қана қоймай, барлығына мемлекет дамуына тең дәрежеде үлес қосуға мүмкіндік беріп отыр. Әлем елдерінің Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытып, оны этносаралық татулықтың үлгісі ретінде бағалауы – осының айғағы.

Саяси жүйе өзгеруі мүмкін, экономикалық жағдай да құбылады. Ал достық пен бірлік – уақыт сынынан өтетін мәңгілік құндылықтар. Олар жоғалмайды, қайта жыл өткен сайын мән-маңызы арта береді. Сондықтан бірлікті сақтау – болашағымызды қорғау, достықты дәріптеу – бейбіт өмірімізді нығайту. Бұл – баршамыздың ортақ міндетіміз. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Previous Post

ШЫМКЕНТКЕ ҚАТАРЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ

Next Post

Бірлік пен достық – ел дамуының басты негізі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде