masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

27 августа, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аталып өтті. Оқушылар сарайында өткен шараға қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахтыбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы да арнайы қатысып, балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады.

Шарада 500-ден астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін 5000-нан астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сый-сияпаттар үлестіру жоспарлануда.

Оқу жылының басталуымен құттықтаған Әзімбек Пазылбекұлы барлық оқушылар мен ата-аналарына және ұстаздарға сәттілік тілеп, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
-Бұл күн – білім мен ғылымға жасалған маңызды қадам, болашаққа бастар жолдың алғашқы белесі. Түркістан қаласында бүгінде 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 балабақшада 17 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биыл 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордаларында балалардың сапалы білім алуымен қатар, спортпен, өнермен және ғылыммен айналысуына толық мүмкіндік жасалған, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, түркістандық оқушылардың жетістіктері де орасан. Өткен оқу жылында 178 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 250 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды. Сондай-ақ, мектеп бітірушілердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына түсті.

Previous Post

ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Next Post

Отопительный сезон 2025–2026: Шымкент готов к холодам

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде