masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ

25 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы және заманауи қоғамдық көлік қызметін ұсыну бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тасымалдаушылармен түзілген келісім-шарт талаптарына сәйкес, көлік құрамын жаңарту – басым міндеттердің бірі.

Ағымдағы жылы осы мақсатта 58 жаңа автобус сатып алынып, қала тұрғындарының игілігіне берілді. Оның 28-і – шалғайдағы шағынаудандар мен тұрғын алаптарына қызмет көрсететін шағын автобустар, ал 30-ы – жолаушы сыйымдылығы жоғары заманауи көліктер. Барлық көлік құралдары желдеткіш, бейнебақылау жүйелерімен, навигациямен, заманауи төлем желісімен және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған құрылғылармен жабдықталған.

Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков қоғамдық көлікті жаңғырту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтіп, жауаптыларға автобустардың тазалығын жіті бақылауды және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы көлікті пайдалануы үшін қозғалыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

Жалпы, шаһарда экологиялық тұрғыдан тиімді әрі заманауи көлік түрлерін енгізу жоспарланған. «Shymkent Bus» ЖШС тарапынан газ-метан отынымен жүретін 179 жаңа автобусты кезең-кезеңімен жеткізу көзделген. Әр кезеңде 30–40 бірліктен пайдалануға беріліп, бұл бастама жолаушыларға қызмет сапасын арттырып қана қоймай, қаланың экологиялық ахуалына оң әсерін тигізбек.

Қазіргі ахуал мен көрсеткіштер

Бүгінгі таңда Шымкентте 82 тұрақты бағыт бойынша 984 автобус күнделікті жолаушыларға қызмет көрсетеді. Оның 79-ы әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде бекітілген. Қызметті 11 көлік компаниясы жүзеге асырады. Қалалық автобустардың жалпы саны – 1173 бірлік.

Қаланың көлік жүйесін тұрақты дамыту мақсатында кешенді шаралар қабылданып, «Avtobys» жүйесі енгізілген. Аталған жүйе электронды билеттеу, диспетчерлеу, жолаушылар ағынын бақылау және нақты уақыт режимінде есеп беру сияқты заманауи технологияларды қамтиды.

Ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында қоғамдық көлікпен 49,8 млн-нан астам жолаушы тасымалданған.

Қолданыстағы автобустардың 615-і сығымдалған газ-метан отынын пайдаланса, 558-і дизель отынымен жұмыс істейді.

Маршруттық желіні жетілдіру және жаңа кешенді схема

Қала аумағының қарқынды дамуына – жаңа тұрғын үй кешендері мен ірі өндірістік аймақтардың ашылуы, жол-инфрақұрылымының кеңеюі себепті – маршруттық желіні қайта қарау қажеттілігі туындады. Осыған орай 2025 жылы жолаушылар көлігін дамытудың жаңа кешенді схемасы әзірленетін болады.

Қоғамдық көлікті жаңғырту – тек жаңа автобустар алумен шектелмейді, ол – қала инфрақұрылымын дамыту, экологияны жақсарту және тұрғындардың сапалы қызмет алуына жағдай жасау бағытындағы кешенді жұмыс. Шымкентте қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта жолаушыларға қолайлы, экологиялық таза және заманауи көлік жүйесін қалыптастыруға негіз болмақ.

Previous Post

Бағаны тікелей реттеуден бас тарту және атаулы әлеуметтік қолдауға көшу – 2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру

Next Post

«В Шымкенте на маршруты вышли новые современные автобусы»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде