masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

23 августа, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 172 тонна қоқыс шығарылды.
Аудандық көрсеткіштер:
•Абай ауданы — 445 адам, 16 техника, 28 тонна;
•Әл-Фараби ауданы — 499 адам, 30 техника, 41,7 тонна;
•Еңбекші ауданы — 1532 адам, 33 техника, 15,7 тонна;
•Қаратау ауданы — 704 адам, 25 техника, 42,1 тонна;
•Тұран ауданы — 575 адам, 32 техника, 44,5 тонна.
Сенбілік барысында қатысушылар көшелер мен аулаларды қоқыстан тазалап, қураған ағаштар мен бұталарды кесті, шөп шауып, ағаштарды әктеді, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Көптеген шымкенттіктер бұл акцияға қатысу қала тазалығына қосқан үлес қана емес, сонымен бірге бірлікті сезінудің мүмкіндігі болғанын айтты.
«Біз отбасымызбен келдік, балаларымызға тазалық әрқайсымыздан басталатынын көрсеткіміз келді», — деді Қаратау ауданының тұрғыны.
«Студенттермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және көршілерімізбен қатар жұмыс істегенде, бұл ортақ істің бізді біріктіретінін түсінесің», — деп қосты сенбілікке қатысушы.
«Таза Қазақстан» акциясы 2029 жылға дейінгі кезеңге арналған аттас мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Шымкенттің кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты — қаланың тазалығын сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мұндай сенбіліктер — тек бір реттік шара емес, олар қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге бағытталған тұрақты бастама. Тазалық пен тәртіпке ортақ жауапкершілікпен қараған кезде ғана экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады.
Шымкент қаласы әкімдігі мұндай экологиялық акцияларды алдағы уақытта да тұрақты негізде өткізіп отыруды жоспарлап отыр. Бұл тек әкімдіктің емес, әрбір азаматтың міндеті екені айтпаса да түсінікті. Себебі таза қала — ортақ игілік, ал оны сақтау – бәрімізге ортақ борыш.

Previous Post

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Next Post

СЭЗ»OÑTÜSTIK»: ПРОРЫВ В ЭКОНОМИКЕ КАЗАХСТАНА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде