masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

21 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер А.Халназаровтың тікелей атсалысуымен акция аясында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 100 оқушыға 1,5 млн. теңгенің мектепке қажетті оқу құралдарын (сөмке, дәптер, пенал, түрлі-түсті қалам, қаламсаптар және т.б.) табыстады.
Игі іс-шараға қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Арипджан Халназаров және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, оқушылардың білім алуына қажетті керек-жарақтарын үлестірді.
Аталған акцияны Ассамблея алаңында ұйымдастырған жауаптылардың айтуынша, бұдан бөлек, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі бастауыш сыныптарға баратын 32 бүлдіршінді қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді өз жауапкершілігіне алса, қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері Шымкенттің 13 нүктесінде дәл осы мақсатта қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, 6 млн. теңгенің заттарын аз қамтылған, әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға таратуда.
Айта кетейік, Шымкент қалалық ҚХА мүшелерінің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы, 7,9 млн. теңгенің көмегін шымкенттік 532 оқушыға табыстады.
«Мектепке жол» акциясы — елімізде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін әлеуметтік-маңызды бастамалардың бірі. Бұл акция білім беру теңдігін қамтамасыз етуге бағытталып, қоғамдағы әр баланың толыққанды білім алуына мүмкіндік беруді көздейді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының атсалысуымен ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара – этносаралық татулық пен қоғамдағы бірлік пен берекенің айқын көрінісі. Акция аясында көрсетілген көмек тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, өздеріне деген сенімділігін нығайтуға сеп болады.
ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің белсенділігі, кәсіпкерлердің жомарттығы мен еріктілердің белсене қатысуы қалалық деңгейде қайырымдылық мәдениетінің артып келе жатқанын дәлелдейді. Бұл бастамалар әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, халық арасындағы өзара көмек пен қолдауды жандандыруға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясы білім саласын қолдау, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады. «Мектепке жол» секілді акциялар арқылы тек оқушылар ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды рухани және азаматтық құндылықтар дәріптелуде.

Previous Post

Реализация Послания Президента-2024: как ведется масштабная модернизация топливно-энергетического комплекса

Next Post

Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде