masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

18 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.
Қала басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде.
Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы инновациялар мен заманауи технологиялардың енгізілуі құрылыс сапасын айтарлықтай көтерді. Энергия үнемдейтін материалдар мен экологиялық таза құрылыс әдістері кеңінен қолданылып, қала инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай жаңарып келеді.
Сала мамандарының еңбегі тек ғимараттар тұрғызумен шектелмейді. Олар қаланың келешегі үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруда. Құрылысшылар мен жолшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында Шымкент қарқынды дамып, заманауи мегаполиске айналып келеді.
Бүгінгі құрмет көрсету – ел дамуына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына деген шынайы алғыстың белгісі. Бұл марапаттар олардың қажырлы еңбегін бағалап, жас буынға үлгі болары сөзсіз.

Previous Post

Шымкент принимает XVI чемпионат Азии по стрелковым видам спорта

Next Post

Габит Сыздыкбеков поздравил строителей с профессиональным праздником в Год рабочих профессий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде