masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

18 августа, 2025
in Жаңалықтар, Спорт, Қоғам
0
Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.
Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.
16-30 тамыз аралығында «Shymkent Shooting Plaza» базасында 27 елден 800 спортшы «тапанша», «мылтық», «қозғалмалы нысана», «стендтік ату», «трап», «скит» және «скит-микс» бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.
Жарыстың мақсаты- атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру, рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Бұл чемпионат Қазақстандағы спорттық инфрақұрылымның дамуына және елдің халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосады. Әсіресе, Шымкент қаласы үшін мұндай ауқымды іс-шараны қабылдау – өңірдің спорттық әлеуетін көрсетуге үлкен мүмкіндік. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін чемпионат қызықты әрі тәрбиелік мәні зор мәдени-спорттық оқиға болмақ.
Сонымен қатар, бұл дода жас спортшыларға тәжірибе жинауға және халықаралық деңгейде өз шеберліктерін сынауға мүмкіндік береді. Турнир барысында экология мен қауіпсіздік талаптары да қатаң сақталып отыр, бұл Шымкенттің әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге толық қабілетті екенін көрсетеді.
Осы чемпионат аясында түрлі семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, төрешілер мен жаттықтырушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы спорттық ату мектебінің дамуына серпін береді.

Previous Post

БІРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Next Post

Шымкент принимает XVI чемпионат Азии по стрелковым видам спорта

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде