Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан аумағында 29 шағынаудан мен тұрғын алаптар орналасқан, олардың негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту деңгейі – 97%, электр жарығы – 99,8%, табиғи газ – 92,4%, кәріз жүйесі – 41%, ал асфальт жолдармен қамтамасыз ету – 79,8%.
2022–2025 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында ауданның инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша жоспарлы және нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылғы тамыз айында электр желісін жаңарту бойынша 4,7 шақырым желі жаңартылып, 3 трансформатор ауыстырылды. Сонымен қатар, Исфиджаб және Достық тұрғын алаптарында жеке меншік жүйедегі электр желісін ауыстыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, ол 2026 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталуы жоспарланған. Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да белсенді жұмыстар жалғасуда. Қазіргі кезде Жалын тұрғын алабы, Қарабастау-Жаңақұрылыс және Жұлдыз-Жаңақұрылыс учаскелерінде газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары атқарылуда, ІІІ тоқсанда аяқталуы жоспарланып отыр.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан аумағында 361 көше жарықтандырылған, тамыз айында 367 көшеге жарық орнату жоспарланып отыр. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру арқылы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын жақсартуға мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Тамыз айында 72 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде асфальт қабатын төсеу, жол бойындағы бордюрларды қалпына келтіру, жол белгілерін орнату және көше бойындағы тазалықты сақтау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 8 көшеге 2,9 шақырым аяқ жол дайындалуда, бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша 2025 жылғы тамыз айында 44 жоба іске асырылуда, оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 9 ашық спорт алаңшасы орнату жоспарланған. Аудан аумағында 2024 жылы 5 гүлзар құрылған болса, биыл тағы 5 жаңа гүлзар салу жоспарланып отыр. Бұл шаралар тұрғындардың демалыс орындарын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, аудан әкімшілігі тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін жүйелі түрде жинап отырады. Қоғамдық тыңдаулар, әлеуметтік желілер арқылы кері байланыс жүргізу және арнайы чат-боттар арқылы ұсыныстар қабылдау сияқты механизмдер іске қосылған. Бұл механизмдер инфрақұрылымдық жобаларды тиімді жүзеге асыруға және тұрғындардың нақты қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Аудан аумағында сумен қамтамасыз ету, электр, газ және кәріз жүйелерін жаңарту, жолдарды жөндеу, жарықтандыруды кеңейту, абаттандыру мен спорт алаңшаларын салу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді. Бұл іс-шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру нәтижесінде Еңбекші ауданының экономикалық әлеуеті тұрақты өсіп, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, аудан өмір сапасы жоғары деңгейге көтерілуде.



