masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ

14 августа, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауында.
Биылғы жылы білім беру ұйымдарының саны 292-ге артты. Білім алушылар саны шамамен 8 мыңға көбейіп, жаңа оқу жылы 1352 мекемеде 397 мыңнан астам оқушымен басталады. Оның ішінде мемлекеттік білім беру мекемелері – 270, оқушы саны – 261 060, жеке меншік мекемелер – 1086, оқушы саны – 170 607.
Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға жыл сайын қолдау көрсетіледі. Биыл 56 430 балаға әлеуметтік көмек көрсету үшін 2 миллиард 624 миллион теңге бөлінді. Бір балаға шаққандағы көмек көлемі 46 500 теңгені құрайды.
Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 2,1 миллиард теңге қарастырылды. 11 баспамен келісімшарт жасалып, оқулықтарды толық жеткізу 2025 жылғы 20 тамызға дейін аяқталады.
Қазіргі таңда 10 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 20 тамызға дейін, бүгінде жұмыстардың 85 пайызы орындалды.
Жаңғырту және реновация бағдарламалары аясында 1,6 миллиард теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттерді, кітапханаларды, асханаларды жиһазбен жабдықтау шаралары іске асырылуда.
Оқушы орны тапшылығын азайту мақсатында қалада 6 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектептің (екі жаңа мектеп, бір қосымша корпус) құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бір мектеп қолданысқа беріледі. Бұл нысандарға оқушы контингенті жинақталған, педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәуекелдер жоқ. Бақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған, дабыл батырмалары орнатылған, лицензияланған күзетпен келісімшарттар жасалған және турникеттер орнату 100 пайызға орындалған. Қосымша қауіпсіздік шаралары ретінде 2025 жылы мемлекеттік мектеп ғимараттарында бейнебақылау жүйелерін, дабыл батырмаларын және өткізу жүйелерін орнатуды қамтитын бірыңғай «Айқын» жобасы іске қосылады.
Алдағы жылыту маусымына дайындық та жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл мақсатта 259,9 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда қатты отынның 60 пайызы, сұйық отынның 100 пайызы жеткізілген. Қазандықтардың техникалық жағдайы жыл сайын тексеріліп отырады.
Барлық жұмыстар жоспарға сай орындалып, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары толық дайындықпен жұмысын бастайды.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/QAOnzS0nbRc?si=jfJQaxLV_iQPB3x5
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Previous Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде