masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мәслихат депутаты Азат тұрғындарымен кездесті

5 августа, 2025
in Uncategorized
0
Мәслихат депутаты Азат тұрғындарымен кездесті
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мұрәтәлі Қалмұратов Еңбекші ауданына қарасты Азат тұрғын алабында жергілікті халықпен кездесті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков те арнайы қатысты.

Депутат өз баяндамасында халық қалаулысы ретінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, қоғамдық көліктің саны мен бағыты, сумен жабдықтау, жарықтандыру, арық жүйелері, қоқыс шығару, балалар алаңдары, мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайы сынды маңызды мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, заң аясында түсіндірме берілді және қажет болған жағдайда нақты шешімдер қабылдау үшін тиісті сала мамандарына жолданды.

Мұрәтәлі Оразәліұлы барлық ұсыныстар мен өтініштердің «AMANAT» партиясымен бірлесіп назарға алынатынын атап өтті. Бұл процесс тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтады.

Кездесу барысында тұрғындар Еңбекші ауданындағы инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды талқылады. Мысалы:

  • «Таза бейсенбі» акциялары аясында көшелер мен саябақтар аббаттандырылып, 2500-ге жуық тұрғын қатысып, 25 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
  • Текесу және Бозарық тұрғын алабында сумен жабдықтау, жарықтандыру, жол жөндеу, арық жүйелерін жаңарту, жаңа әлеуметтік нысандар мен балалар алаңдарын салу жұмыстары жүргізілуде.
  • Жолдар мен қоғамдық көлікті дамыту, аялдама жүйесін жаңарту, тұрғындардың қала ішіндегі мобильділігін арттыру.
  • Мектептер, мәдени және спорттық орталықтар, медициналық нысандарды жаңарту және қызмет сапасын жақсарту.

Сонымен қатар, тұрғындар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және мәдени іс-шараларға қатысу мәселелерін де көтерді. Бұл ұсыныстар аудан әкімдігі мен партия тарапынан нақты шараларға айналдырылады, әр өтініш бойынша жауапты мамандар белгіленеді және тиісті бақылауға алынады.

Мұндай кездесулер тұрғындардың ұсыныстарын нақты шараларға айналдырып, ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, олар Еңбекші ауданында қауіпсіз, таза, жайлы және экологиялық таза ортаны қалыптастыруға үлес қосады.

«AMANAT» партиясы үшін халықпен ашық диалог — басты мақсат. Алдағы уақытта да осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың өтініштері уақытында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады. Бұл шаралар Еңбекші ауданының тұрғындарына сапалы қызмет көрсетудің кепілі болып отыр және ауданның жалпы әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Previous Post

98 объектов за год: как Шымкент реализует стройпрограмму

Next Post

Еңбекші ауданында аялдама құрылымы толық жаңартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде