masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

9 августа, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу
☑️Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауыты ашылды. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй зауыттың лентасын қиып, арнайы батырманы басу арқылы нысанды іске қосты.
⤵️Облыс әкімі көпшілікті жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.
📌– Бүгін сіздермен ерекше маңызды сәтте жиналып тұрмыз. Өңірімізде заманауи зауыттың құрылысы аяқталып, іске қосылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта облысымызда нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін ашылған «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің алюминий бұйымдарын өндіру зауытының маңызы өте зор. Жаңа зауытта 200-ге жуық жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім экспортқа шығарылады. Зауытта заманауи және инновациялық технологиялар қолданылған. Жоба өңірде өнеркәсіп саласын дамытуға және кіріс көздерін ұлғайтуға ықпал етеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы — біздің ортақ жетістігіміз. Менің арманым және мақсатым – Түркістанды дотациялық өңір деңгейінен өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру. Сондықтан облысымызда, оның ішінде Ордабасы ауданында өндірістік жобаларды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Оған толық мүмкіндігіміз бар. Баршаңызды зауыттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа кәсіпорын ұжымына табыс тілеймін. Облысымыздың дамуына бағытталған жобаларымыз көп болып, халқымыздың табысы арта берсін! – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлерге зауыттың жұмысын сапалы үйлестіруді тапсырып, бұл бағытта жан-жақты қолдау болатынын еске салды.
☑️Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның алғашқы кезеңіне құйылған инвестиция көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды. Мұндағы өнімдер толық дерлік экспортталады. Заманауи үлгідегі зауыттың құрылыс жұмыстары сапалы орындалып, соңғы үлгідегі технологиялар қолданылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

В ТУРКЕСТАНЕ ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ СПОРТИВНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

Next Post

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ СОВРЕМЕННЫЙ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ ИЗДЕЛИЙ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде