masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

7 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ел көлемінде кең қолдау тауып, түрлі өңірлерде ауқымды іс-шаралармен жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың санитарлық-экологиялық сауаттылығын арттыру.
Осыған орай, бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімдігінің, түрлі мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы саны 100 адам атсалысып, қаланың тазалығы үшін белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығаруға арналған 5 арнайы техника тартылды.
Тазалық барысында келесі жұмыстар атқарылды:
•Аудан аумағында жалпы санитарлық тазалау;
•Құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тасымалдау;
•Қураған ағаштарды жинап, арту және шығару жәе т.б. жұмыстар.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.
Сонымен қатар, тазалық жұмыстары қала тұрғындарының жиі серуендейтін орны – “Кең баба” саябағы аумағында да жүргізілді. Бұл қоғамдық демалыс орнының санитарлық тазалығы мен экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда. осыған байланысты, аталған аумақта қоқыстан тазарту және абаттандыру шараларын жүргізу тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.
Әл-Фараби ауданы әкімдігі “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр. Осыған байланысты, аудан әкімдігі алдағы уақытта да аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, аумақтық сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға және тұрмыстық тазалықты сақтауға шақырады.
Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті. Экологиялық қауіпсіздік – ұлт саулығының, ұрпақ болашағының кепілі.
Previous Post

ШЫМКЕНТ: ШКОЛЫ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ НОВЫМИ УЧЕБНИКАМИ НА 2 МЛРД ТЕНГЕ

Next Post

БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде