masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

30 июля, 2025
in Uncategorized
0
САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу
✔️Сауран ауданында өткен республикалық «Vape Out — Жарқын өмірге жол аш!» форумынан кейін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев пен ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш аудан активімен арнайы кездесу өткізді.
✔️Жиынның модераторы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатарұлы Таңғатаров болды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және мекеме жетекшілері қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары 2025 жылдың алғашқы алты айында жүзеге асқан негізгі көрсеткіштер мен бастамалар бойынша есеп берді. Экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
✔️Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш баяндама жасап, мемлекеттік тәртіп пен қаржылық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ол бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
✔️Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев өз сөзінде ауданның экономикалық көрсеткіштеріне оң баға беріп, кәсіпкерлікті дамыту мен экономикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
✔️Ерболат Балғабаев аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, кәсіпкерлік саласында кездескен қиындықтары бойынша қолдау көрсетуін сұрады. Әрбір көтерілген мәселе жеке қаралып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
✔️Аудан тұрғындары мұндай қабылдаулардың жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Previous Post

САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT - ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Next Post

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде