masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкент қаласында жаңа білім беру нысандарының құрылысы жалғасуда

28 июля, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкент қаласында жаңа білім беру нысандарының құрылысы жалғасуда
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылы Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында 4200 орындық 6 нысанның құрылысына 21,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл жобаларға 2 жаңа мектеп, 3 қосымша ғимарат және 1 жатақхана құрылысы кіреді.

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектепке қосымша корпус ғимараты толықтай аяқталып, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жобаға жергілікті бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген.

Тельман мөлтек ауданында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы 80 пайызға аяқталған. 3,6 миллиард теңгеге қаржыландырылған жоба 2025 жылдың 31 тамызына дейін толық іске қосылады деп жоспарлануда.

Ө. Жәнібеков атындағы №19 мектепке қосымша корпус құрылысы 21 пайыз деңгейінде. Жергілікті бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінген нысан 2025 жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталады.

№16 мектепке қосымша корпус құрылысы да басталған. Жобаның 9 пайызы орындалды. 2,8 миллиард теңгеге жоспарланған бұл нысан 2026 жылға өтпелі болып есептеледі.

Сайрам мектеп-интернат колледжіне 300 орындық жатақхана салу жұмыстары да жүргізілуде. Арнаулы қолдау қоры арқылы қаржыландырылған жоба 15 пайызға орындалған, пайдалануға беру мерзімі — 2025 жылдың 20 желтоқсаны.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Таскен тұрғын алабында 1500 орындық жаңа мектеп бой көтеруде. 7,7 миллиард теңгеге қаржыландырылған құрылыс 70 пайызға аяқталған, нысанды 2025 жылдың 31 тамызына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұл жобалар Шымкент қаласындағы білім беру сапасын арттыруға, орын тапшылығы мәселесін шешуге және оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Previous Post

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ: ШЫМКЕНТТЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЮДЕ

Next Post

Обновление инфраструктуры на фоне роста населения

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде