masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БОЙЫНША ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

24 июля, 2025
in Uncategorized
0
ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БОЙЫНША ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Сауран ауданында тұрғын үй мақсатында берілген жер телімдерінде заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандар анықталып, тиісті шаралар атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев баяндама жасады.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін аудан аумағында 138 кәсіпкерлік нысанның тұрғын үй мақсатындағы жер телімдерінде заң бұзушылықпен салынғаны анықталды. Атап айтқанда:
•  109 дүкен
•  17 балабақша
•  8 дәріхана
•  4 қоғамдық тамақтану орны
•  3 газ құю бекеті
•  3 ағаш өңдеу цехы
•  1 диірмен
•  1 бассейн
•  1 спорт кешені
 Анықталған нысандар ауылдық округтер бойынша бөлінген:
• Ескі Иқан – 25
• Жүйнек – 19
• Шорнақ – 17
• Қарашық – 15
• Шаға – 15
• Бабайқорған – 14
• Оранғай – 11
• Жібек жолы – 8
• Жаңа Иқан – 7
• Үшқайық – 7
 Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қазіргі уақытта нақты шаралар қабылдануда. Соның ішінде 13 кәсіпкерлік нысанға Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес, әр нысанға 200 АЕК (жалпы сомасы – 786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Есепті кезеңде жалпы 4 639 760 теңге айыппұл түріндегі шаралар қолданылды.
Қалған нысандар бойынша материалдар Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданып, тиісті шешім қабылдау күтілуде.
 Заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімдігі жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тиісті шараларды жүйелі түрде жүргізуді жалғастырады. Сонымен қатар, әрбір кәсіпкерлік нысанның жерлерін мақсатына сай өзгертуді және өзгертуге қатысты мекемелерге тезарада заң аясында кеңес бере отырып, бір ай мерзім ішінде заңдастыру басшылық тарапынан тапсырылды. Бұл тапсырманы тиісті ауыл округ әкімдері де орындауы тиіс.
 Сауран ауданы Жер қатынастары бөлімі
Previous Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

АУДАНДАҒЫ МЕШІТТЕРДІҢ ЗАҢДАСТЫРУ РӘСІМІ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде