masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

6 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркия Республикасы Қаратай ауданында «Karatay Lavanta Günleri 2025» мерекесі ерекше сән-салтанатпен басталды. Осы мерекелік күндердің басты ерекшелігі – Қаратай мен Сауран аудандары арасындағы ынтымақтастық аясындағы тәжірибе алмасу болды. Арнайы меморандум шеңберінде Сауран ауданынан келген делегация Қаратай әкімдігінің шақыртуымен іс-шараға қатысып, лаванда өсіру тәжірибесін көзбен көрді.
Түркияның ең ірі біртұтас лаванда алқаптарының бірі саналатын Қаратай лаванда бақтары — туризм мен өндіріс саласындағы Конья өңірінің шоқтығы биік жобаларының бірі. Аумағы 340 гектарды құрайтын бұл алқап бүгінде тек ауыл шаруашылығы емес, мәдени және әлеуметтік маңызы зор орталыққа айналған. Бұрын қоқыс төгілетін бос жатқан жерді түрлендіріп, 2020 жылы алғаш рет лаванда көшеттерін отырғызған Қаратай әкімдігі бірнеше жыл ішінде бұл орынды көздің жауын алатын гүлдер мекеніне айналдырды. Нәтижесінде, өңірге жұмыс орындары ашылып, туризм де қарыштап дамыды.
Делегация құрамында Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Жұмадуллаев, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов, “Жасыл Сауран” коммуналдық мекемесінің директоры Нұржан Бадамбаев, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер болды.
Делегация мүшелері лаванда гүлінің егу, күтіп-баптау, жинау әдістерімен, сондай-ақ гүлден алынатын өнімдерді өңдеп, нарыққа шығару жолдарымен егжей-тегжейлі танысты. Лавандадан жасалған эфир майы, сабын, косметикалық бұйымдар, хош иісті сулар мен түрлі естелік заттар — бұл өнімдердің бәрі туризм мен кәсіпкерлікті қатар дамытудың нақты үлгісі ретінде Сауран делегациясының назарына ұсынылды.
Сапар қорытындысында Сауран ауданында да осындай лаванда бақтарын салуға болатындығы жөнінде нақты ұсыныстар қарастырылып, жергілікті климат пен жер ерекшелігіне бейімделген пилоттық жобаларды қолға алу жоспарланды. Бұл — өңіраралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратын, екі елдің мәдени, экономикалық байланысын нығайтатын өзара тиімді тәжірибе алмасудың үлгісі болды.
Қаратай Лаванда күндері – тек гүлдер мерекесі емес, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті дәріптейтін, еңбекті ұлықтайтын және достықты нығайтатын халықаралық іс-шара. Осы ерекше алаңға Сауран делегациясының қатысуы – өңіраралық байланыстың жаңа белесіне шыққанын білдіреді.
Previous Post

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Next Post

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде