masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

3 июля, 2025
in Uncategorized
0
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.

Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

Атап өту қажет, 2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Енгізілген өзгертулерге сәйкес, қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз, яғни қайта өтініш беруінсіз олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктері пайда болды.

Өз кезегінде, Департаментпен «Е-лицензия» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерге заңнаманың сақталуына сыртқы байқау жүргізілді.

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының (ҚР ТЖМ 29.09.2021ж. № 485 бұйрық, бұдан әрі – Қағида) 4-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн.

Бұл ретте, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

Дегенмен сыртқы байқау нәтижесінде анықталғандай, мемлекеттік орган тарапынан 19 қызмет алушылардың өтініштеріне тиісті қызмет нәтижесі ұсынылмаған.

Айта кету қажет, лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, мерзімінде ұсынбауы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін.

Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Нәтижесінде, Департаменттің ықпалымен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша өтініш иелеріне қызмет нәтижелері ұсынылды.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Next Post

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде