masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

27 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Шымкент қаласының әкімі бірқатар аудан аумақтарын аралап, қалада жүргізіліп жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Аралау барысында қала басшысы ең алдымен Қаратау ауданында өткен жылы құрылысы басталған жаңа әкімдік ғимаратын қарап шықты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 98 пайызы аяқталған. Нысанды алдағы уақытта пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа ғимарат аудандық басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етпек. Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды.
https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/06/AQNduBkhYFHOGmAsAuM3b-LXv31ObvTimRV4A6WWolrv3XB6xBcNMoKRlKMo1I25_H1x0Q-xEhHbOcFPcSLuEOBe.mp4
Сапар одан әрі Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс алаңында жалғасты. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі құрылыс компания өкілдерімен бірлесіп талқыланып, нысанның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін толық қолжетімді әрі кедергісіз болуы керектігі атап өтілді.
Сонымен қатар, Тұран ауданына қарасты «Айқап» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысы мен Беткей көшесіндегі жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу кезеңі тексерілді.
Еңбекші ауданында қала әкімі «Текесу» каналы арқылы жаңадан салынған көпірдің жай-күйімен танысты. Бұған дейін жауын-шашын кезінде канал арнасының толып, жолды шайып кетуі тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық тудырған болатын. «Қарабастау» тұрғындарының өтінішіне сәйкес және әкімнің тапсырмасымен салынған көпір жобасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды. Қала әкімі компания өкілдеріне қаланың инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Аралау қорытындысында аудан әкімдері мен жайлы ортаны дамыту басқармасына қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруды жандандырып, жасыл желекке жүйелі түрде күтім жасауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Previous Post

ӨНЕРКӘСІП, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТКШ-ДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР: ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ, АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДӘЛДІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Next Post

ГРАНТ АЛҒАН ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР ШҰБАТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІ АРТТЫРУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде