masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21 июня, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Көшпелі кездесудің соңғы күні қала әкімі Тұран ауданының тұрғындарымен ашық диалог орнатты.
Кездесу барысында Сүлейменов, Байтұрсынов, Ақжиек, Ломоносов көшелерінің және «Қазығұрт» пен «Карл Маркс» шағынаудандарының тұрғындары көтерген мәселелер қаралды.
Азаматтар көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге балама көшелер салу, жол жүктемесін азайту үшін екінші дәрежелі көшелерді кеңейту және бірқатар көшелерге асфальт жабындысын жаңарту сынды өзекті мәселелерді атап өтті. Жер телімін заңдастыру, қоқыс шығару қызметінің жүйелілігі, заңсыз салынған ғимараттарды бұзу, шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмысы және учаскелік полиция пункттерінің қызметі туралы да сөз болды.
Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет сапасы, саябақ пен скверлерді күтіп ұстау, аллея мен мини-футбол алаңшасын салу мүмкіндігі, көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту тақырыптары да талқыланды. Көтерілген бірқатар мәселе бірден шешімін тапты.
Қала әкімі аудан басшысы мен салалық басқарма басшыларына тұрғындардан түскен ұсыныс-тілектерді жүйелеп, алдағы жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды. Ғабит Әбдімәжитұлы жылдар бойы қордаланған мәселелер кезең-кезеңімен және заң аясында шешілетінін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды тазалық пен тәртіп сақтауға шақырды.
Көшпелі кездесу қорытындысы бойынша халықтың өтініштеріне жан-жақты талдау жасалып, алдағы іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленеді.
Previous Post

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

Next Post

ОРТАЛЫҚ ҚЫРҒЫ БАЗАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде