masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20 июня, 2025
in Жаңалықтар, Спорт, Қоғам
0
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ашып, ел Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ауыл тұрғындарын замануи жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.
«Бүгінгі ашылып отырған нысан — жастарымыздың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына, түрлі жарыстар ұйымдастыруға арналған қолайлы орын болмақ. Бұл кешен болашақ чемпиондарымызды тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді», — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар, жиынға арнайы келген Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмас Нақыпбеков, Түркістан облысының мәдениет басқармасының «Конгресс Холл көпсалалы кешенінің» басшысы Асқар Кенехан және Бәйдібек аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Сылқымбек Спабеков Шақпақ елді мекенінің тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.
Жаңа спорт кешені жобасын жүзеге асырушы мердігер мекеме – «Real Story Invest» ЖШС-і. Нысан құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңы бар.
Previous Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Next Post

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде